Жүздеген студент намаз оқып жатқандарға қорған болып тұрды. (ФОТО)
Жүздеген студент намаз оқып жатқандарға қорған болып тұрды. (ФОТО)
7 жыл бұрын 3313 һibatulla.kz

Америка Құрама Штаттарында соңғы оқиғалардың арасында конфессияаралық және этносаралық достық жайлы жиі ести бермейміз. Бір таңқаларлығы мұндай іс-әрекетті Мичиган университетінің студенттері жасаған. Екі жүзден астам студент Мұсылман студенттері қауымдастығының мүшелері бес міндетті парыздың бірі намазды оқып біткенге дейін қоршап тұрды.

«Исламфобиялық шабуылдардан соң бірқатар мұсылмандар намаз оқуға қорықты, сондықтан біз өзіміздің құрдастарымызды көмекке шақырдық. Бірақ олар өте көп болады деп күткен жоқпыз», – дейді Мұсылман студенттері ассосациясының президенті Фархан Әли.

 Оның айтуынша, мұсылмандарға қолдау көрсету үшін тек студенттер ғана емес, сонымен қатар университет қызметкерлері де келген.

«Бұл көрініс үлкен эмоцияны тудырды, сондай-ақ еңсесі түсіп, алаңдаушылықта жүрген мұсылмандарды шабыттандырды. Енді біз жалғыз емес екенімізді білеміз және бізді қолдауға дайын адамдар бар», - деді ол.

0 пікір
Мұрағат