Жұмыссыздықпен күресудің "тың" тәсілі қолға алынды
Жұмыссыздықпен күресудің "тың" тәсілі қолға алынды
6 жыл бұрын 2178 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Тәжік билігі, дәлірегі, Тәжікстанның денсаулық сақтау министрлігі елдегі жұмыссыздық проблемасымен күресу үшін демографиялық шараны қолға алып жатыр, яғни, туу көрсеткішін азайтуды ұсынып отыр. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Тәжікстан халқының саны биыл 9 млн адамнан асты. Қазіргі уақытта билікті халық санының өсуінен бұрын жылдам өсуі мазалап отыр. Мұндай өсу қарқыны мемлекеттің қазынасына ауыр салмақ салып отыр. Ресми мәлімет бойынша әр он жыл сайын тәжіктер қарасы төрттен бірге көбейіп отыр. Елде балалар бақшасы, мектеп, емхана жетіспегенімен қоймай 20-30 жас аралығындағы жас мамандар жұмыс таппай сенделіп жүр. Аталмыш елдің денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы ана мен балаға көрсетілетін медициналық қызметті ұйымдастыру жөніндегі департамент жетекшісі Шерәлі Рахматуллоев қыз-келіншектерді туу жиілігін азайтуға шақырып отыр: араға үш жыл салып барып перзент сүюге үндеуде. 

0 пікір
Мұрағат