Жириновский "бисмилләні" айтып, мұсылманша мал сойды (видео)
Жириновский "бисмилләні" айтып,  мұсылманша мал сойды (видео)
5 жыл бұрын 10070 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Шовинистік мәлімдемелерімен аты шыққан, әсіресе, Орта Азия және Қап тауы елдерінің мәдениеті мен ұлттық құндылықтарына талай рет тіл тигізген әрі жеріне көз алартқан Владимир Жириновскиді кім танымайды дейсіз. Ресейдің либералды демократиялық партиясының жетекшісі әрі Ресей Федерациясы мемлекеттік думасының депутаты Владимир Жириновскиді Тәжікстанда хан көтеріп қарсы алып, құрмет-қошемет көрсетті. Ресей Федерациясы аумағында миллионға тарта тәжіктің еңбек мигранттары нәпақасын айырып, отбасын асырап жүр. Бұдан бөлек, олардың тапқан табысынан мемлекет қазынасына да қаржы құйылып жатыр. Осыны ескерген тәжік билігі Владимир Жириновскидің тәжік мигранттарын жерден алып, жерге салған мәлімдемелерін елемеген, естімеген сыңай танытып, бабын табу үшін құрметті қонаққа қой соймақ болады. Қойды алдына алып келгенде Жириновский тек жергілікті жұртты ғана емес, сонымен қатар, христианы бар, мұсылманы бар, бәрін таңқалдырып, қойды өзі сойды. Шариғат талаптарына сай соймақ болғанын айтсаңшы.. Жириновскиге өзі сойған қойдың етінен тәжіктердің курутоб деп аталатын ұлттық тағамын дайындап берді. 

 

0 пікір
Мұрағат