Діни наным-сеніміне байланысты әскерге бармауға рұқсат берген ел
Діни наным-сеніміне байланысты әскерге бармауға рұқсат берген ел
6 жыл бұрын 3059 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Оңтүстік Кореяның жоғарғы соты діни уәж бойынша әскер қатарында отан алдындағы борышын өтеуден бас тартуды заңдастырды. Аталған елдің жоғарғы coт шешімінде: "діни наным-сенімі бойынша борышын өтеуден бас тартқаны үшін жазалау констиутцияға қайшы, өйткені, бұл индивидтің наным-сенім бостандығына қол сұғатын әрекет әрі бостандықтың өзге түрлерін шектеу қаупін тудырады",-деп айтылған. Оңтүстік Корея жоғарғы соты елдің қарулы күштері сапында әскери борышын өтегісі келмегені үшін айыпталып, сотталған 34 жастағы азаматтың ісін қайта қарау кезінде осындай үкім шығарып отыр. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Оңүстік Кореяда кәмелет жасына толған барлық ер адам ұлттық қарулы күш сапында әскери борышын өтеуге міндеттеледі. 

0 пікір
Мұрағат