Жауарлар әлeмі: АҚШ жеріндегі жалғыз ягуар бейнекамераға түсіп қалды (видео)
|
Жабайы табиғат жанашырлары үшін жағымды жаңалық. Ғаламторда АҚШ жеріндегі жалғыз жабайы ягуар түсірілген бейнеролик пайда болды. Роликті Құрама Штаттардағы жабайы аңдарды қорғаумен айналысатын Conservation CATalyst компаниясы түсірген. Кадрлардан Аризонаның орманды алқабындағы су қоймасына келген жыртқышты көруге болады. Зоологтардың айтуынша, түз тағысы шамамен 7-8 жаста. Олар аңға El Jefe деген ат беріпті. Испан тілінен аударғанда бұл сөз «қожайын» дегенді білдіреді. Жалпы El Jefe АҚШ аумағында соңғы 20 жыл ішінде көзге түскен алғашқы ягуар болып табылады. Енді Conservation CATalyst компаниясы ягуар серуен құратын жерлерге барынша көп камера орнатуды қолға алуда, деп жазады planet-today.ru.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Әлемдегі ауа тазартатын ең ірі зауыт іске қосылды (видео)
■
Таяу Шығыстағы ең бай қала аталды
■
BionicBee робот аралары үйір құруды үйренді (фото+видео)
■
Cаудиядағы қасиетті орындарда климаттық бақылау жүйесі іске қосылады
■
SiMaxx аккумуляторлы кеудешелер болашақ сарбаздарын екі есе энергия қорымен қамтамасыз етеді (видео)