Жапонияға отты құмырсқалар шабуыл жасауда
Жапонияға отты құмырсқалар шабуыл жасауда
7 жыл бұрын 8849 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Күншығыс елінің Нагоя айлағынан адамға аса қауіпті отты құмырсқа табылды. Осымен үшінші рет қайталанып отыр мұндай жағдай. Яғни, жапон айлақтарынан соңғы айда осымен үшінші рет отты құмырсқа табылған. Бұл жайында "Майнити" мерзімді басылымы хабар таратты. Осы инцидентке байланысты Жапонияның қоршаған ортаны қорғау министрі Коити Ямамото елдің негізгі жеті айлағын, атап айтқанда, Токио, Иокогама, Нагоя, Осака, Кобе, Хаката и Наха айлақтарын жіті тексеруге пәрмен берді. Айта кетейік, Хонсю аралында орналасқан Нагоя айлағында отты құмырсқа маусым айының 23-і күні қытайдың Гуанчжоу айлағынан келген контейнерден табылған болатын. Өлі құмырсқаны тексергенде, оның адамға аса қауіпті отты құмырсқа екені анықталған. Алғашында отты құмырсқаны Кобе айлағынан табылған болатын. Оңтүстік Америка құрлығында өсіп-өнетін құмырсқаның бұл түрі әлемнің әр түкпіріне, дәлірегі, Оңтүстік-Шығыс Азияға, Австралияға таралып үлгерген. Түсі қошқыл отты құмырсқаның ұзындығы 2,5 миллиметрден 6 миллиметрге дейін жетеді. Адамды шақса, оның уынан өліп кетуі де мүмкін. Ол басқа құмырсқаларды ығыстырып, өздері тез көбейеді. Отты құмырсқа деген атау оған түсінің қызыл-күрең немесе қошқыл болып келетініне орай берілмеген, шаққанда от қарығандай ерекшелігіне байланысты берілген. Өте ашқарақ, яғни, қомағай келеді. Жылы жақта өсіп-өнсе де олар өзге құмырсқалар сияқты қыста қатып-семіп ұйқыға кетпейді, 9 градус суыққа дейін төзе алады. Агрессивті. 

0 пікір
Мұрағат