Израил саясатын сынауға тыйым салынды
Израил саясатын сынауға тыйым салынды
6 жыл бұрын 2101 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Айдай әлемге мәшһүр Кембридж университеті Израилдің Палестинаға тізе батырған саясатына наразылық ретінде аталған елге байкот жариялауды, санкция салуды жақтайтын қозғалыстың белсенділеріне қысым көрсеткені үшін сынның астында қалды. Тарқатып айтқанда, аталмыш жоғарғы оқу орнында есімі төңірегіне белгілі паелстиналық белсенді Омар Баргутидің бас-көз болуымен үстелбасы әңгіме өткізілген болатын. Бұл шараға Руб Салих есімді Африканы және шығысты зерттейтін палестиналық ғалым мейман болуы тиіс еді. Алайда, аталған британиялық университет әкімшілігі оны Израил саясатын сынға алып жүргені үшін шараға қатыстырудан бас тартты. Осы үстелбасы әңгімені ұйымдастырушы, Кембридж студенті Эд МакНалли Al Jazeera ақпарат көзінің тілшісіне берген сұхбатында сөз бостандығына алдыңғы қатарлы университет басшылығының тұсау салғандығын мәлім етті. Ол изарилдік лоббистердің ісі екендігін алға тартып отыр. Осыған байланысты жүздеген студент пен оқытушылар Кембридж басшылығына наразылыққа толы ашық хат жолдады. Ал Кембридж басшылығы олардың хатына жауап берер емес. 

0 пікір
Мұрағат