Израил әскерилері Газа секторындағы қылмысын мойындады
Израил әскерилері Газа секторындағы қылмысын мойындады
9 жыл бұрын 3129

«Breaking the Silence» құқық қорғау ұйымы өткен жылдың жаз мезгілінде Газа секторына шабуылдаған Израил әскерилерінің бейбіт тұрғындарға қарсы жасаған қылмысын әшкереледі. Әшкерелегенде де Израил сарбаздарына қатысты 60-тан аса айғақ жинаған. Бұл қылмыстардың төрттен бірін әскери шені бар, штабтар мен бұйрық беру орталықтарындағы офицерлер жасағанын да анықтаған. Құқық қорғаушылар әскерилердің қылмысын қалай анықтаған? Қатардағы сарбаздарға Газа секторындағы бейбіт тұрғындардың өміріне қауіп төндіретін қандай да бір әрекеттерін тыятын немесе шектейтін бұйрық берілмеген. Керісінше, оларға оқты аямай жаудыруға бұйрық берген. Ол ол ма, өздеріне қараған кез келген адамға оқ атуға құқық берілгендерін мойындады.

0 пікір
Мұрағат