Иттен абай болыңыздар: Пайғамбар (с.а.с.) өсиетінің растығына тағы көз жетті...(фото)
Иттен абай болыңыздар: Пайғамбар (с.а.с.) өсиетінің растығына тағы көз жетті...(фото)
5 жыл бұрын 7385 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Итпен алысып ойнаған Мэри Трейнерге қол-аяғынан айыраламын деген ой үш ұйықтаса түсіне кірмеген шығар.  Иттің сілекейінен қауіпті инфекция жұқтырған АҚШ-тың Огайо штатының тұрғыны аурухана палатасынан бір-ақ шықты. Алдымен арқасы ауырып, дене қызуы күрт түсіп кетті әрі жүрегі айнап, мазасы қашты. Дәрігерлер қанша тырысқанымен әйелдің денсаулығы сәт сайын нашарлап, ақырында дәрігерлер аурудың одан ары таралуын бәсеңдету үшін оны есінен тандырып, жасанды комаға түсірді. Мэри Трейнердің түрінен сепсистің дамуының барлық белгілері білінген еді - организмін жан шыдатпайтын микроб жайлап алған болатын. Қан анализі оның организімін капноцитофа бактериясы жайлап алғанын көрсетіп берді. Әйелдің қолы мен аяғы қарайып кетті - гангрена - жасуша тіндері өліп, денесі шіри бастаған болатын. Гангренаның одан ары таралуына жол бермес үшін әйелдің қолы мен аяғын кесіп тастауға тура келген еді. Science Alert ақпарат көзінің америкалық ғалымдардың зерттеуіне сілтеме жасай отырып таратқан хабарына қарағанда, аталмыш бактерия жер бетіндегі иттердің 74 пайызында кездеседі. Сондай-ақ, бұл бактерия мысықтың сілекейінде де ұшырасады. Алайда, аталмыш бактерия мысықтың бойынан ары таралмайды, яғни, адамға жұқпайды. Осы орайда Пайғамбарлар падишасының (Алланың сәлемі мен иглігі болсын) саңлақ сахаба Әбу Хурайра (р.а.) жеткізген өсиеті еске түседі: ит тиген ыдысты неше мәрте жуу қажеттілігі турасындағы. 

ÐенÑина лиÑилаÑÑ ÑÑк и ног поÑле Ñого, как ее лизнÑла Ñобака - ÐÑÑоÑник ÑоÑо hi-news.ru

0 пікір
Мұрағат