"Иранның зымырандық сынақтары үйлесімді де жүйелі бағдарламаға ие"
"Иранның зымырандық сынақтары үйлесімді де жүйелі бағдарламаға ие"
7 жыл бұрын 2559 parstoday.com

Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының қоғаммен қарым-қатынас бөлімінің басшысы: «ИИР-ның барлық зымырандық сынақтары үйлесімді де жүйелі бағдарлама негізінде іске асуда»,- деп мәлімдеді. 

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ислам революциясы Сақшылар корпусының қоғаммен қарым-қатынас бөлімінің басшысы бригада генералы Рамазан Шариф сенбі күні өткен баспасөз отырысында дұшпандардың Ислам Республикасына соққы беру үшін кез-келген құралды пайдаланып, зымырандық сынақтар туралы өтірік жаңалықтарды таратадындығына сілтеме жасап: "Иранның қорғаныстық бағдарламалары ешқашан ерекше уақыт пен мекендік шарттарға бағынбайды.

Иранның зымырандық сынақтарының "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына еш қатысы жоқ. Сынақтар бағдарламаның шарттарын бұзбайды",- деді.

Бригада генералы сардар Рамазан Шариф Иран Ислам революциясының Сақшылар корпусы міндетінің революция мен оның жетістіктерін қорғау болып табылатынын баса айтып: "Сақшылар корпусының соңғы жылдардағы дұшпанның қауіп-қатерлеріне қарсы ақылға салынған, ойластырылған және дер уақытында жүзеге асырған әрекеттері дұшпандардың өшпенділігінің негізгі дәлелі саналады",- деді.

Иранның зымырандық сынақтарының сәтті өтуі Исламдық Иран дұшпандарының, әсіресе АҚШ-тың ашу-ызасын келтірді. 

0 пікір
Мұрағат