Қазақстандықтардың шамамен 100 мыңы ғана зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалана алуы мүмкін
Қазақстандықтардың шамамен 100 мыңы ғана зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалана алуы мүмкін
4 жыл бұрын 2883 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Елімізде зейнетақы жинағын емдік мақсатта пайдалану туралы ұсыныс айтылды. Бұл жайында Tengrinews.kz ақпарат көзі хабар таратты. Осы мақсатта үкіметте арнайы жұмысшы тобы құрылған болатын. Ғалымдар мен сарапшылардан. Олар осы бағыттағы халықаралық тәжірибелерді зерделеп, Президент әкімшілігіне ұсыныс білдірген. Десе де зейнатақы жинағын пайдалану жиналған зейнетақы мөлшеріне қарай белгіленеді. Осы орайда еліміздегі азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы бүгінгі таңда 73 жасты құрайтынын айта кету керек. Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың зейнетақы қорының мәліметіне сілтеме жасай отырып келтірген дерегіне қарағанда, ел тұрғындарының жартысының зейнетақы жинағы 1 млн теңгеге жетпеген. Қартайғанда қамсыз өмір сүру үшін кем дегенде 10-12 млн теңге жиналуы керек. Мұндай мөлшерде зейнетақы жинағандар қарасы аз – 102 мың адамнан аспайды. Естеріңізде болса, зейнетақы жинағын баспана алуға немес үй тұрғызуға, сондай-ақ, білім алуға пайдалану туралы ұсыныс айтылған болатын. Осыған дейін. Енді емдік мақсатта пайдалану мәселесі көтеріліп жатыр. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мен кепілдік берілген тегін медициналық көмек аясына кірмейтін ауру түрлерін емдеуге.

Ұқсас жаңалықты қарай отырыңыз: «Ауыр сырқатқа шалдыққандарға зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға рұқсат етеді» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/auyr-syrqatqa-shaldyqqandarga-zeinetaqy-jinagyn-merziminen-buryn-aluga-ruqsa-etedi-12904/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат