Иран мұсылмандары кіші қажылығын өтей алмайтын болды
Иран мұсылмандары кіші қажылығын өтей алмайтын болды
6 жыл бұрын 2101 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Биыл ирандық мұсылмандар ұмраға бару мүмкіндігін айырылды. Бұл жайында аталған елдің Қажылық және ұмра департаментінің жетекшісі Хадид Мохаммади мәлім етті. Оның айтуынша, бұған Сауд Арабиясымен арадағы саяси текетірес себеп болмақ. Нақтырақ айтқанда, екі ел арасында тиісті келісім жасалмаған. "Иран мұсылмандары қажылығын өтеу үшін қосымша келісімді жандандыру керек",- деп мәлімдеді ол. Сөз орайы келгенде айта кету керек, аталған екі ел арасындағы дипломатиялық қатынас шиеленісіп кетті. Аймақтағы ахуалға, дәлірегі, аймақтағы ықпалын арттыру жолындағы саяси текетіреске байланысты. 

0 пікір
Мұрағат