Иран мен Ресей Каспиге қауіп төндіріп тұр
Иран мен Ресей Каспиге қауіп төндіріп тұр
1 жыл бұрын 2253 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иран соңғы жылдары жаһандық жылыну мен оның салдарынан орын алған климат өзгерісіне байланысты құрғақшылық жайлаған өңір. Су тапшылығын қатты тартып отырған ел бұл проблеманы шешу үшін елдің құрғақшылықтан көз ашпаған шалғай түкпірлеріне Каспидің суын тартуды жоспарлап отыр. Ол үшін құбыр тартпақ. Бұл шикі жобаға ирандықтар амалдың жоғынан барып отыр ма? Проблеманы шешудің басқа да жолдары бар емес пе? Мәселен, тамшылатып суару тәсілі немесе тұзды суды тұшшыландыру технологиясы. Десе де бұл тым қымбатқа түсетіндіктен (Иран экономикасына ауыр салмақ салатындықтан) осындай "жабайы" әдіске жүгінбек. Десе де бұл жоба ел ішінде қарама-қайшы пікірлерді өрбітіп, өршітіп отыр. Наразы топтың уәжі бойынша, біріншіден, бұл жоба тым қымбатқа түседі, екіншіден, экологияға орны толуы неғайбыл залал келтіреді. Бұл жайында Иранда жарық көретін Hamshahri ақпарат көзі хабар таратты. Бұдан бөлек, Каспий суын орталық аудандарға айдаған күннің өзінде ол одан бетер тұзды суға айналады. Бұл жөнінде Мазандаран прповинциясының қоршаған ортану қорғау пробеламаларымен шұғылданатын жұмысшы тобының хатшысы мәлім етті. "Каспий суын Семнан провинциясына құбырмен айдаудың берері шамалы, бұған қоса, Каспий теңізінің суы жылдан жылға тартылып келеді - Ресей аумағындағы сансыз су қоймасы мен Еділ өзеніндегі бөгетттердің көптігінен",- деді Мазадаранның экология мәселелеріне жауапты жұмысшы тобының хатшысы Әзіз Аббаси. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Еділ (Волга) өзені Каспий теңізінің суын 80 пайызбен қамтамасыз етіп отырған ірі өзен. Ресейліктер Каспий теңізіне де қауіп төндіруде. Десе де Иран билігі әзірге бұл жобаның техникалық құжатын әзірлеген де, бұл жобаға қаржы да бөліп отырған жоқ. Бұдан бөлек, Каспий суының экологиялық сараптамасы да жасалған жоқ. 

0 пікір
Мұрағат