Cусамырмен ауыратындар енді өз-өзіне укол салу машақатынан құтылады
Cусамырмен ауыратындар енді өз-өзіне укол салу машақатынан құтылады
5 жыл бұрын 6065 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Массачусет технологиялық институтының (MIT) ғалымдары инсулин мен өзге де тұрақсыз субстанцияларды ағзаға инъекция арқылы емес, асқазақ арқылы енгізуге мүмкіндік беретін нанокапсула ойлап тапты. Бұл жайында Science мерзімді басылымында айтылған. Ғалымдардың айтуынша, бұлай дәрі қабылдау ең қауіпсіз түрі болып табылады. Өйткені, көптеген дәрілік заттар, соның ішінде, инсулин де бар, асқазан-ішек трактісі арқылы адам денесіне тарайды. Бұл жаңалықтың авторы Алекс Абрамов есімді ғалым. Оның нанокапсуласы асқазанға наноине арқылы жабысады. Асқазан сөлі оның қабығын ерітіп, босаған ине капсуланың түбіне жетіп, шырышты қабатқа өтеді де қанға инсулиінді айдайды. Бұлай инсулин қабылдаған науқас ауырсынуды сезінбейді. Әдетте сусамыр дертіне шалдыққандар инсулин қабылдау үшін уколдың көмегіне жүгініп жатады. Күніне алты немесе одан да көп укол салуына тура келеді. Бұлай ем қабылдаудың өз қатері барын айта кетпеске болмайды: гормонды артығымен қабылдап жіберсе, қан құрамындағы қант күрт көтеріліп кетеді. Бұл өз кезегінде кісі өліміне апарып соқтыруы мүмкін. 

0 пікір
Мұрағат