Индонеизияда қанша мешіт бар және оның қаншасы трансформацияланады?
Индонеизияда қанша мешіт бар және оның қаншасы трансформацияланады?
6 жыл бұрын 2653 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлемдегі аса ірі мұсылман елі болып табылатын Индонезияда көп ұзамай ерекше жоба қолға алынайын деп жатыр. Нақтырақ айтқанда, 2020 жылға дейін ел аумағындағы мешіттердің 1000-ы экологиялық ғибадат ғимаратына айналдырылады. Индонезия вице-президенті Жүсіп Калланың өзі бас-көз болып отырған аталмыш жоба аясында 1000 мешіт жаңғыртпалы энергия көздеріне көшеді әрі суды пайдалану, т.б. экологиялық мәні зор шараларды өздері қадағалайтын болады. "Индонезиядағы мұсылмандардың дені биліктің айтқанынан гөрі діни жетекшілерінің сөзіне көбірек құлақ асады"- деді аталған елдегі ғұламалар кеңесінің экологияға жауапты мекемесінің жетекшісі Хайю Прабово. Бұл жайында Malaysian Digest ақпарат көзі хабар таратты. Айта кетейік, Индонезияда 800 мыңнан аса мешіт бар. 

0 пікір
Мұрағат