Имамдарды өзін жақсы жағынан көрсетуді міндеттейтін құжатқа қол қойдырды
Имамдарды өзін жақсы жағынан көрсетуді міндеттейтін құжатқа қол қойдырды
7 жыл бұрын 2847 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Италияда 1,4 млн-ға жуық мұсылман жамағаты бар. Аталған елде ислам жамағатының көптігі жағынан екінші дін. Алайда, Италия билігі асыл дінімізді ресми мойындаған емес. Осы айда Италияның ішкі істер министрлігінің және елдегі 9 негізгі мұсылман ұйымдарының өкілдері мынадай келісімге келді: мұсылмандар имамдардың тізімін жасап, оларды италия тілінде уағыз айтуға міндеттейді. Ал билік есесіне исламды Италия діндерінің бірі ретінде мойындауға уәде беріп отыр. "Италиялық Ислам жөніндегі ұлттық пакті" құқық қорғаушылар мен сарапшылар тарапынан сынға алынды. Олардың айтуынша, аталған құжатта екіжүзділікке жол берілген. Бұл елде өзге дін өкілдері өз уағыздарын қалаған тілінде жүргізе алады, соған қарамастан Италия қоғамында дін ретінде мойындалған. Мәселен, Италияда католиктер шіркеуі халықаралық аудиторияның тала-тілегін ескере отырып, өз еркімен бірнеше тілде насихатын жүргізеді. Бұл жайында "Washington Post" ақпарат көзі хабар таратты. 

0 пікір
Мұрағат