Йеменде жылына 2 млн жүкті әрі бала емізетін әйел аштықтан опат болып отыр
Йеменде жылына 2 млн жүкті әрі бала емізетін әйел аштықтан опат болып отыр
5 жыл бұрын 3082 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сириядан кейін соғыстың зардабын қаттты тартқан Йемендегі гуманитарлық дағдарыс өзінің шарықтау шегіне жетті. Аталған елде 22 млн адам гуманитарлық көмекке мұқтаж. Азық-түлік тапшылығынан жылына аталған елде 2 млн-ға тарта жүкті әйел мен бала емізуші әйел опат болады екен. Біріккен Ұлттар Ұйымының әлем халқы қоры (UNFPA)  келтірген дерекке қарағанда, ашқұрсақ жүрген әйелдер жиі түсік тастайды немесе құрсағындағы шаранасы өлі туады. Сондай-ақ, аяғы ауыр әйелдерді күтетін әрі босандыратын білікті мамандар, яғни, акушерлер тапшылығынан да көз жұмып жатқан әйелдер қарасы көп. 

0 пікір
Мұрағат