Христиандар шетқақпай көріп отырған елдер белгілі болды
Христиандар шетқақпай көріп отырған елдер белгілі болды
6 жыл бұрын 2494 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

«Open Doors» деп аталатын халықаралық құқық қорғау ұйымы «World Watch List» тізімін жасады. Аталмыш тізімге христиандар діни сеніміне қарай шетқақпай отырған, яғни, құқығы жиі табанға тапталатын елдер енген.  Айта кетейік, аталған ұйым сарапшыларының пайымдауынша жасалып отыр бұл тізім. Оның қаншалықты обьективті екеніне, яғни, шындыққа қаншалықты жанасатындығына ешкім кепілдік бере алмайды. Сонымен... аталған тізімнің алғашқы ондығына кірген елдер: Солтүстік Корея, Ауғанстан, Сомали, Судан, Пәкістан, Эритерия, Либия, Ирак, Йемен және Иран. Аталмыш ұйымның құқық қорғаушылары бұл тізімді жасауда бірнеше факторды қаперге алған. Соның ішінде, христиандардың бес салада құқығының қаншалықты ескерілмейтіні де есепке алынған. Атап айтқанда, діни салада, толығырақ айтқанда, діни іс-шараларын кеңінен әрі еркін жүргізе алмауы, мемлекеттік деңгейден алғанда қоғамдық өмірде, жергілікті ауқымдағы қоғамдық өмірде, сондай-ақ, отбасылық өмірде, яғни, тұрмыстық деңгейде, жеке өмірінде.

0 пікір
Мұрағат