Христиан депутат парламенттегі әріптестерін ораза ұстауға шақырды (видео)
Христиан депутат парламенттегі әріптестерін ораза ұстауға шақырды (видео)
6 жыл бұрын 4559 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Канада парламентінің депутаты Марк Холланд, міне, бірнеше жыл болды, жыл сайын қасиетті Рамазан айында ауыз бекітіп жүргелі. Оның айтуынша, ол мұндай қадамға елдегі дінаралық татулықты өзі бастап, өзгелерге үлгі көрсеткісі келген. 2015 жылдан бері ораза ұстайтын депутат астан тиылып, одан үнемдеген қаржыны қайырымдылық қорына аударып келеді. Ол өзі ұстап қана қоймай, әріптестерін биыл ауыз бекітуге шақырып, парламент қабырғасында мәлімдеме жасады. Оның бұл үндеуін кей әріптестері парламент мінберінде айтылмайтын нәрсе деп сынады. 

 

0 пікір
Мұрағат