Христиан бойжеткені апта бойы не үшін орамал тақты?
Христиан бойжеткені апта бойы не үшін орамал тақты?
10 жыл бұрын 3702

Австралияның христиан әйелі осы елдегі жуырда орын алған контртеррорлық іс-шаралар аясында мұсылмандарға деген өшпенділіктің өршіп бара жатқанын естіп, бір апта бойы шариғат шәлісін жамылып жүрді. 27 жастағы Кэйт Лини мұсылмандарға деген құрметін мен ынтымағын осылай білдірді. Аделаида тұрғыны Кэйт Линидің мұсылман құрбысы оған көшеде шариғат шәлісін жамылып жүруден қорқатынын айтады, басына орамал тартқаны үшін біреу-міреу сөзбен жасқап, тіл тигізе ме, тіпті, өзіне қол көтереді ме деген қаупін де жеткізеді. Кейбіреулері уақытша шариғат шәлісін жамылмай жүруге шешім қабылдаған екен. Бұл жайында The Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. Кэйт ештеңеден қорықпау керектігін көрсету үшін өзі үлгі болып, бір апта бойы шариғат шәлісімен жүрді. Көшеге шықса да, серуендесе де басынан жаулығын тастаған жоқ. Ол әуежайдан құрбысын күтіп алар кезде оны қатаң тексеруден өткізеді. Үсті-басын түгел тінтіп, сөмкесіне дейін тексерген көрінеді. Шариғат шәлісін жамылмай жүргенде мұндай жағдай болмағанын айтып, жағасын ұстап отыр. Осыдан кейін бұл елде мұсылмандарға деген өшпенділіктің шынымен өршіп тұрғанын аңғарғанын да жайып салды.

Кэйт Лини

0 пікір
Мұрағат