Халықаралық қылмыстық сот жат жұрттықтардың ауған жеріндегі әскери қылмысын тергеуден бас тартты
Халықаралық қылмыстық сот жат жұрттықтардың ауған жеріндегі әскери қылмысын тергеуден бас тартты
5 жыл бұрын 2332 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Гаагадағы халықаралық қылмыстық сот 2011 жылдан бастап, ауған жеріне әскери жорық жасап, бейбіт тұрғындардың да қырылуына себеп болған державаларды адамзатқа қарсы қылмысы үшін тексеру, тергеу жұмыстарын жүргізбейтінін мәлімдеді.  Аталмыш мәлімдеме сәуір айының 12-сі күні жарияланды. Ауғанстан аумағында ойран салған АҚШ бастаған халықаралық коалицияның әскери қылмысын тергеуді талап еткен Фату Бенсуданың өтініші осылайша қанағаттандырылмай тасталды. Халықаралық қылмыстық сот мәлімдемесінде ауған жеріндегі әскери қылмыстардың неліктен тергеуге алынбайтын себебін әділ шешім шығару мүмкін еместігімен түсіндірген. Бұдан бөлек, ауған жеріндегі әскери қылмыстарды толық ашу әрі кінәлілерді жазалау толық мүмкін болмайтындығы айтылған. Бейбіт тұрғындардың опат болуы, жазықсыз азаматтардың қосақ арасында кетіп, жаламен ұсталуы, азапталуы, зорлық-зомбылық көруі, т.б. қылмыстардың беті ашылмай қалатын болды. 

0 пікір
Мұрағат