Халал қонақ үй ашылады
Халал қонақ үй ашылады
6 ай бұрын 868 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Самарқан қаласында Sahid Imam Al-Buhari қонақ үйінің алғашқы іргетасы қаланды. Өзбекстанның туризм жөніндегі мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталмыш мейманхана шариғат талаптарына сай жұмыс істейді. Яғни, әлемдік халал стандартына сай болмақ. Имам Бұқари атындағы аумақтағы құрылыс жұмыстарын Sahid Group және SAG компаниялары жүргізеді. Алғашқы кезеңінде мейманхананың 100 нөмірі пайдалануға беріледі. Кейін, яғни, бес жыл ішінде халал қонақ үй нөмірлерін 300-ге дейін арттыруды жоспарлап отыр. Әр нөмірде құбыланы көрсететін арнайы белгі, жайнамаз, қасиетті Құран даналары, құман, т.б, қажетті заттар қойылады. Қонақ үй мейрамханасынан шариғатқа сай әзірленген ас мәзірі ұсынылады. 

0 пікір
Мұрағат