ГМО-жүгері алқабын өртеп жіберді
ГМО-жүгері алқабын өртеп жіберді
7 жыл бұрын 5547 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті
Венгрияда төтенше жағдай орын алды. Нақтырақ айтқанда, венгерлер Monsanto биотехнологиялық және генетикалық модификациялық алып компанияның жалпы ауданы 1000 акр (4047 шаршы метрге тең жер өлшеуі) құрайтын алқапқа себілген жүгеріні өртеп жіберді. Бұл жайында аталған елдің ауыл шаруашылығын дамыту министрлігінің мемлекеттік хатшысының орынбасары Лайоша Богнара мәлімдеді. Еуроодаққа мүше өзге елдерге қарағанда Венгрияда генетикалық модифицияланған тұқымдарды себуге тыйым салынған жалғыз мемлекет. Бақылаушы және қадағалаушы орган өкілдері, сондай-ақ, Pioneer және Монсанто компанияларының да тұқымын тауып алған тексере келе. ЕО аймағында тауарлардың қозғалысына шектеу қойылмағанымен Венгрия билігі бұл тұқымның қайдан келгенін және қалай рұқсат берілгенін (ел аумағында себілуіне) тексеретін болады. Венгерлер осының кесірінен биылғы тұқым егу және жиын-терін науқанында айтарлықтай шығынға ұшырайтын болды. Дер уақытында ГМО-жүгерінің орнына (1000 акр) табиғи өнім беретін ауыл шаруашылық өнімдерінің тұқымы себілмегеніне байланысты. 
 
P.S. Бір ескере кететін мәселе: ГМО өнімдері әлемнің көптеген елінде қалыпты жағдайға айналған, сұранысқа ие өнімдер қатарына жатады. Алайда, адам ағзасына қауіпті саналатындықтан бірқатар елде тыйым салынған. Адамзат көбеюіне байланысты әрі экологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты (құрғақшылық) азық-түлік тапшылығы күн тәртібінен түспейтін мәселеге айналған. Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін ГМО өнімдерін пайдалану өзекті мәселеге айналған. Гендік инженерия кез келген организмді жасанды жолмен өзгертетіндіктен оның адам денсаулығына қаншалықты қауіпті екені толық анықталған жоқ. 
0 пікір
Мұрағат