Құбыланы анықтауда қиналсаңыз, енді телефон қосымшасы көмекке келеді
Құбыланы анықтауда қиналсаңыз, енді телефон қосымшасы көмекке келеді
7 жыл бұрын 14388 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Күніне бес уақыт намазыңызда бағдар етіп алатын құбыланы дәл анықтау кейде қиындықдық тудырып жатады. Мысалы, күн райына байланысты, т.б. жағдайлар. Енді бұл мәселеде мұсылмандар алаңдамаса да болады: ұдайы жаныңыздан табылатын қалта телефоны арқылы құбыланы оп-оңай анықтауыңызға мүмкіндік бар: Android-та Qibla Finder деп аталатын Google қосымшасын қоссаңыз болды. Бұл жайында Mashable ақпарат көзі хабар таратты. Аталған қосымшаны орнатып, іске қоссаңыз болды - телефоныңыз арқылы қайда тұрғаныңызды анықтап аласыз да мобилді девайсты жан-жағыңызға айналдырасыз - фокуста қасиетті Қағба бейнесі шыққанша бұл әрекетіңізді жалғастыра бересіз.  

0 пікір
Мұрағат