Германия Түркияның Еуропалық одаққа неге кірмейтінін мәлімдеді
Германия Түркияның Еуропалық одаққа неге кірмейтінін мәлімдеді
7 жыл бұрын 3541 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

ЕО-ның локомотиві - Германияда түрік диаспорасы кәрі құрлықтағы ең ірі диаспоралардың бірі. Сөйтсе де өткен ғасырдың орта шенінен, дәлірегі, 1960-шы жылдары басталған Түркия мен батыс еуропа елдері арасындағы интеграция Түркияның ЕО құрамына енуіне жасалған алқашқы қадамы десе де болады. Алайда, Түркияның бірнеше жылдан кейін бұл интеграцияны тоқтатып тастауы және өзге де саяси оқиғалар, нақтырақ айтқанда, Түркиядағы Османлы қағанаты дәуірінен мұра болып қалған әскерилердің билікті ұстауы, яғни, осы дәстүрге байланысты әскери төңкерістер бұл интеграцияны кейінгі шегеріп тастаған болатын. "Әділет және даму партиясының", дәлірегі, аталмыш партия жетекшісі, амбициясы зор Режеп Тайып Ердоғанның билік басына келуіне байланысты бірде бүк, енді бірде шік түскен қатынастан, нақтырақ айтқанда, Түкрия аумағында  халықаралық терминалдың салынуы (Германия халықаралық терминал арқылы табатын миллиардтаған табыстан қағылуы) Германия мен Түркия арасындағы қатынасқа айтарлықтай сызат түсіргенін айта кету керек. Оның үстіне, ЕО құрамына енуіне байланысты жүргізілген рефрендум қорытындысы да Түркияның ЕО құрамына кіруіне біршама тоқауыл қойғаны бар. Кемалшылдар, зайырлықты ту еткендер, тағы түрлі саяси әрі діни, этникалық топтардың арасындағы Түркияның ЕО құрамына кіруіне түрлі позиция ұстануы да, Кипр аралына қатысты жер дауы да бұл процеске өз әсерін тигізген еді. Бітпейтін жырға айналған бұл тақырып әлі күнге Түркияның күн тәртібінен түскен емес. Оның үстіне, өткен жылы Түкрияда тағы сәтсіздікпен аяқталған әскери төңкеріс елдегі саяси ахуалды тым шиеленістіріп жіберген болатын. Бұл фактор да, Түкрияның қазіргі жүргізіп отырған саясаты да ЕО-ның жетекші елдерінің шамына тиюде. Германия федералды республикасының сыртқы істер министрі Зигмар Габриэль Түркияның ЕО құрамына ене алмайтынын мәлімдеді. Германия тарапы Түркия билігінің басында Режеп Тайып Ердоған тұрғында, бұған жол бермейтінін мәлімдеді. "Бұл біздің Түркияның ЕО құрамына енуін қаламайтынымызды білдірмесе керек, алайда, Түркияның билік тізгінін Режеп Тайып Ердоған ұстаған тұста Түркия ЕО-ға ене алмайды... Ердоған үкіметі Еуропа ж.ретін жолдың қарсы жақ бетіне шығып кетті...",- деді ол Германия сыртқы істер министрі Bild мерзімді басылымына берген сұхбатында. Сондай-ақ, жалғыз Германия ғана емес, сонымен қатар, Австрияның сыртқы істер министрі Себастьян Курц те бұрын 20203 жылы осы заманғы Түркия мемлекетінің пайда болғанына 100 жыл толмайынша Түркияның ЕО құрамына кіре алмайтынын мәлімдеген еді. ЕО елдері Түркияның қазіргі жүргізіп отырған репрессиялық саясатын айыптап отыр. Әскери төңкерісті желеу етіп, өзінің бақталастарын жаппай тұтқындау, қуғын-сүргінге салуын құптамайтынын талай ескерткен де еді. 

0 пікір
Мұрағат