Әлемде қанша адам мышьяк қосылған су ішіп отыр?
Әлемде қанша адам мышьяк қосылған су ішіп отыр?
7 жыл бұрын 3256 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Пәкістанның жерасты суынан мышьяк табылды. Табылғанда да мышьяк көп шоғырланған. Бұл жайында Science Advances мерзімді басылымында жарияланған арнайы зерттеу нәтижесінен белгілі болып отыр. Тарқатып айтқанда, ғалымдар аталған елдің әр түкпірінен жерасты суының шамамен 1200 сынамасын алып, тексеріп көрген. Пәкістанның мышьяк көп шоғырланған жерасты суының картасы жасалып жатыр. Мышьяк жерасты суына қалай тап болып жүр? Мамандардың тұжырымы бойынша тау жыныстарынан өткенде жерасты суы мышьякпен ластанатын болып шықты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтірген мәліметке қарағанда, әлемде шамамен 150 млн адам мышьякпен ластанған суды ішіп отыр. Удың адам ағзасына әсерінен созылмалы ауруға шалдығады. Солардың ішіндегі ең қауіптісі тері обыры, өкпе обыры, зәр жолдарының обыры, сондай-ақ, жүрек-қан тамыр аурулары. Ауыз судағы мышьяктың рұқмат етілетін деңгейі бі литрге шаққанда 10 микрограмнан аспауы тиіс. Бұл көрсеткіштен асқан жағдайда адам өмірі мен денсаулығына қауіпті. Ал біз сөз етіп отырған Пәкістанда бұл деңгей 50 микрограмға жеткен. Жерасты суының ластануына тау жыныстары әсер етеді дедік қой. Тау жыныстарының шөккеніне көп уақыт өтпесе, бұл жерасты суының құрамында улы заттардың көп болуына алып келеді. 

0 пікір
Мұрағат