Кеше пісірілген нанды сатуға тыйым салынды
Кеше пісірілген нанды сатуға тыйым салынды
7 жыл бұрын 3166 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясы үкіметі дұкендерде өтпей қалған өнімдерді жабдықтаушыға қайтаруға қатысты қойылған шектеудің ақылға сыймайтынын алға тартып отыр. Бұл жайында «Известия» мерзімді басылымы елдің өнеркәсіп-сауда министрлігіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Аталған министрлік өкілдері түсіндіргендей, мұндай шектеу енгізу "аймақтық жабдықтаушылар үшін бәсекелестікте артықшылықтар тудырады". Сол себепті, сауда туралы заңға өзгертулер енгізуге әлі ерте. Сондай-ақ, аталмыш министрлік мамандары "азық-түлік тауарларын қайтару сауда желісі мен жабдықтаушылар арасында бекітілген келісім-шартта қарастырылған шарттар мен талаптарға сәйкес реттелетінін" жеткізді. Әдетте жабдықтаушылар өтпей қалған тауарлардан шығынға бататынын алға тартқанымен тауарларды қайтару туралы бастама тұтынушыға да, жабдықтаушыға да тиімсіз деп отыр ритейлер. Монополияға қарсы федералды қызмет басшысының орынбасары Андрей Кашеваровтың айтуынша, бұл мәселе ұзақ мерзімді тауарларға қарағанда нанға қатысты. Соңғы жылдары дүкен сөрелерінде тұрып қалған, яғни, мерзімі өтіп кеткен нан өнімдеріне қатысты шағым көбейіп кеткен. 

0 пікір
Мұрағат