Гендерлік балансты сақтауда мұсылман елі әлемде бірінші орынға шықты
Гендерлік балансты сақтауда мұсылман елі әлемде бірінші орынға шықты
4 жыл бұрын 2724 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігі гендерлік тепе-теңдікті сақтауда әлемнің барлық елінен оқ бойы озық шығып, әйелдер құқығын қорғау бойынша өзгелерге үлгі көрсетіп, көш бастады. Дәлірегі, аталған араб елінің парламентіндегі әйелдер санымен IMD World Competitiveness Yearbook 2020 халықаралық рейтингісінде лидер деп танылды. Осы орайда өткен жылы БАӘ билігінің федералды ұлттық кеңесте гендерлік балансты сақтау жөнінде шешім қабылдағанын айта кетпекпіз. Бұл шешім тек қағаз жүзінде қалмай, нақты іспен өрнектеліп, бүгінде парламенттегі депутат әйелдер қарасы 50%-ға жеткен. «Гендерлік баланс Біріккен Араб Әмірлігі осыдан елу жыл бұрын құрылғанда негізгі принциптерінің бірі болды. Біріккен мемлекет негізін қалаушы әрі «ұлт әкесі» атанған Зайд әйелдердің – тұрақты дамуға қол жеткізуде тең құқылы әріптес болатынына сенген еді»,- деді БАӘ-нің гендерлік теңдік жөніндегі кеңес президенті Манал бинт Мұхаммед. «Бүгінде біз ел іргесін қалаған кезде заңнама, бастама және бағдарлама көмегімен қолға алғандардың жемісін көріп жатырмыз – экономиканың барлық саласында гендерлік балансқа қол еткізетін боламыз»,- деді артынша. Естеріңізге сала кетсек, аталған елдің федералды ұлттық кеңесіне сайлау алғаш рет 2006 жылдың желтоқсан айында өткен болатын. 2015 жылдың қараша айында федералды ұлттық кеңеске тұңғыш рет әйел адамнан Амал әл-Кубейси есімді депутат сайланды. Бұл жайында The National ақпарат көзі хабарлады.

0 пікір
Мұрағат