Әлемдегі босқындар саны 80 млн-ға таяды
Әлемдегі босқындар саны 80 млн-ға таяды
4 жыл бұрын 3088 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Соғыстың кесірінен, түрлі зорлық-зомбылықтан, климат өзгерісіне байланысты табиғи апаттардан, діни, нәсілдік кемсітушіліктен, қуғандаудан өткен жылы босқындар қарасы көбейген – 2019 жылдың соңында тұрғылықты жерінен жоғарыда аталған себептер бойынша басы ауған жаққа босып кеткендер саны 79,5 млн адамға жеткен. Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссар басқармасы осындай мәлімет келтіріп отыр. Дәлірегі, айналдырған бір жыл ішінде әлемдегі босқындар қарасы он млн адамға артқан. Аталмыш басқарма мұның себебін елдегі саяси ахуалға байланысты елден бас сауғалаған венесуэлалықтардың босқындар қатарын толықтырып отырғанымен байланыстырады. БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссар Филиппо Грандидің айтуынша, жұқпалы індет пандемиясына байланысты әлемнің барлық елдерінде экономикалық өсім баяулап, кедейлер қарасы молаяды. Осыған байланысты босқындар қарасы тағы артатын болады.

0 пікір
Мұрағат