G20 елдерінің қаржы министрлері криптовалютаны валюта ретінде мойындады ма
G20 елдерінің қаржы министрлері криптовалютаны валюта ретінде мойындады ма
6 жыл бұрын 2179 7kun.kz

Аргентина астанасы Буэнес-Айрес қаласында жиналған G20 елдерінің Орталық банк басшылары мен Қаржы министрлері криптоактивке қатысты жиын өткізді деп хабарлайды Rb.ru. 

G20 өкілдері криптовалютаны қарапайым валютаның стандарттарына жауап бермейді, сондай-ақ, әлемдік қаржы тұрақтылығына кесірін тигізе алмайды деп есептейді. Қаржы министрлерінің ойынша, криптовалютамен жұмыс жасағанла тұтынушылар мен инвесторлардың құқығын қорғау бүгінгі күннің басты талабы екен. Криптоактивтердің салық төлеуден құтылу мен басқалардан ақша өндіру қауіпі жоғары.

Жиын қатысушылары жоғарыда аталған проблемаларды шешу үшін, FATF (Financial Action Task Force on Money Laundering), стандарттарын енгізу керек дейді. Криптовалютаға қатысты ортақ стандарттар жасалады. Бұл туралы ұсынысты Аргентинаның Қаржы министрі Николас Духовнэ ұсынды. Алғашқы ұсыныстар 2018 жылдың шілдесінде өтетін жиында айтылады.

0 пікір
Мұрағат