Апиын дағдарысы.. жылына қанша адам есірткіден көз жұмады. Есірткі саудалаушыларға өлім жазасы...
Апиын дағдарысы.. жылына қанша адам есірткіден көз жұмады. Есірткі саудалаушыларға өлім жазасы...
6 жыл бұрын 3781 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Есірткі саудасымен айналысатындарға қарсы ымырасыз күрес жүргізілуі керек. Өйтпеген жағдайда өзге жазалау шараларын қолдану уақытты зая кетірумен бірдей әрекет, өзінің дәрменсіздігін дәлелдеген. Бұл жайында АҚШ президенті Дональд Трамп Нью-Гэмпшир штатында апиын дағдарысына арналған сөзінде мәлімдеді. «Дилерсіз бе, дәрігерсіз бе, мейлі тасымалдаушы немесе өндіруші бол, заңды бұзсаңыз, өлімге алып келетін улы шөпті заңсыз сатсаңыз, онда сізді жер түбінен де тауып аламыз да қолыңызға кісен салып, жауап беруге мәжбүрлейміз. Біз есірткі саудалаушыларға қарсы майдан ашамыз, бұл майданда жеңіп шығуға бел байлап отырмын»,- деп мәлімдеді Ақ үй қожайыны. Осылай дей келе есірткі саудалаушылармен күресті қатаң жүргізуді алға тартып, оларға өлім жазасын қолдануға қол жеткізбек ойы барын да жасырмады. Ол өткен жылдың қазан айында апиын дағдарысына байланысты елдің денсаулық саласында төтенше жағдай жарияланғанын да мәлім етті. «Сол сәттен бастап, біз 2018-2019 жылдары апиын дағдарысымен күресуге қосымша кем дегенде алты миллиард доллар бөлуі үшін Конгреспен жұмыс істедік. Біз апиын дағдарысымен күреске бұрын-соңды болмаған қыруар ақша бөліп отырмыз»,- деді ол күйіне тіл қатып. АҚШ*-тың денсаулық саласындағы ең қордаланған мәселелердің біріне айналған апиын дағдарысы сонау 1990-шы жылдардан бас кезінен бастау алады. Алайда, осы уақытқа дейін есірткішілермен күреске қатысты бірыңғай стратегия жасалмаған. STAT медициналық басылымның келтірген дерегіне қарағанда, соңғы он жыл ішінде есірткіні шамадан тыс қолданудан шамамен жарты миллион адам, яғни, 500 мыңға тарта адам көз жұмады. Шұғыл шешім қабылдап, шара қолдануды қажет ететін бұл проблема америкалықтардың бас ауруына айналып отыр. 1980-ші жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін есірткі қолданумен байланысты иммундық тапшылықтан жарты миллионға жуық америкалық бақилық болған екен.

0 пікір
Мұрағат