ФРАНЦИЯДА ЕҢ ҮЛКЕН ИСЛАМ ОРТАЛЫҒЫ САЛЫНАДЫ
ФРАНЦИЯДА ЕҢ ҮЛКЕН ИСЛАМ ОРТАЛЫҒЫ САЛЫНАДЫ
8 жыл бұрын 2140 E-ISLAM

Жобаны қаржыландыруды Катар қайырымдылық қоры толықтай көтеріп отыр. Алдын ала бағам бойынша, құрылыс құны 30 миллион долларды құрайды.

Жобаға сәйкес, ислам орталығы Милос қаласында тұрғызылады. Ашылуы келесі Рамазанға орайластырылмақ.

«Әл-Нұр» деп аталатын орталық Францияның Германия мен Швейцариямен шекаралас аумағында бой көтереді.

Ислам орталығы еуропалық мемлекет билігімен экстремизм мен терроризмнің алдын алу, сондай-ақ, діни нәсілдік қысымнан сақтау үшін исламофобияға тосқауыл қою жұмыстарын бірігіп атқаратын болады. 

Орталық құрамыа мешіт, мұсылман мектебі, ислам зерттеулер институты, Құран оқып үйрену орталығы кіреді.

Бұдан бөлек, мекеме тек діни ғана емес, зайырлы білім беруді де көздейді. Мұнда бір уақытта 1 мыңнан аса студент оқитын болады. 

0 пікір
Мұрағат