Еуропалық одақ адамның жүзін тану жүйесін енгізуге тыйым салуы мүмкін
Еуропалық одақ адамның жүзін тану жүйесін енгізуге тыйым салуы мүмкін
3 ай бұрын 1200 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Еуропалық одақта қоғамдық орындарды адамның жүзін тану технологиясын қолдануға тыйым салу мүмкіндігі қарастырылуда. Тиісті ұсынысты Еурокомисся білдірген. Бұл жайында орыстардың Reuters ақпарат ресурсы мәлім етті. Құқық қорғау органдары кеңінен пайдаланатын, жасанды интеллекті басқаратын аталмыш жүйе төңірегінде бүгінгі таңда әлем қауымдастығында талас-тартыс қатты жүріп жатыр. Құптаушылардың гөрі наразылардың қарасы қалың. Авторитарлы елдерде биліктің халықты қадағалауына барынша мүмкіндік беретінін ескерген Еурокомиссия еуропалықтардың жеке өміріне және мәліметіне қол сұғуға жол бермейтінін қадап айтып, қатаң ереже қабылдайтынын мәлімдеді. 18 беттен тұратын ЕК баяндамасында аталмыш жүйені енгізу үшін кем дегенде 3-5 жыл қажет екені айтылған, өйткені, аталмыш технологияны мейлі мемлекеттік басқару органы болсын, мейлі жекелеген тұлғалар тарапынан болсын, өздерінің мақсаты мен мүддесіне пайдаланбау тетігін жасағанша уақытша шектеу қою керек. Солай бола тұра ЕО бұл бағыттағы ережесінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен ғылыми зерттеу жобаларында адамның жүзін тану технологиясына тыйым салынбауы мүмкін екені де айтылған. Еуропалық одақтың негізгі құқықтары жөніндегі агенттік мәлімдегендей, адамның жүзін тану технологиясын реттеуде мынадай ережелер қатаң басшылыққа алынуы керек:

-       Адамның жүзін тану технологиясы қолданылуы тиіс жағдайлар мен ахуалдарды анықтауға арналған құқықтық база барынша ашық әрі нақты болуы керек;

-       Адамның жүзін тану мен анықтау арасының аражігін анықтайтын нақты шекара басты қаперге алынатын түпкі мақсаты белгіленуі қажет;

-       Мемлекетке қатысты азаматтардың үрейін тудырмасы үшін, яғни, мемлекет пен жеке тұлғаның арасындағы тепе-теңдік бұзылмауы үшін аталмыш технология тек айрықша жағдайларда ғана қолданылуы керек;

-       Бұл жүйені шеру кезінде пайдалануға тыйым салынуы керек, өйткені, адамдардың өз ойын, азаматтық позициясын ашық білдіруге кедергі келтіруі мүмкін. Ашықтық мемлекеттің өміршеңдігін қамтамасыз ететін негізгі фактор екені естен шығарылмауы тиіс;

-       Алгоритм ешуақытта дәл нәтиже бермейтінін ескеру керек, бір-біріне ұқсайтын адамдарды шатастырып, қателікке жол беру ықтималдығы басым;

-       Аталмыш жүйені мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырғанда адамдардың жеке мәліметін қорғау құқығы әрі қандай да бір кемсітушілікке жол бермейтіні турасындағы талаптар техникалық құжаттамасында көрсетілуі тиіс;

-       Билік адамдардың жеке басының мәліметтеріне қол сұғылмасы үшін аталмыш технологияны өндіретіндер туралы толық ақпаратқа және бұл жүйені пайдаланудың салдарын бағалауы үшін программалық тұрғыдан жабдықталуы тиіс;

-       Аталмыш технология ұдайы жетілдіріліп отыратындықтан тәуелсіз бақылаушы ұйымдар тарапынан жиі мониторинг жүргізіліп отыруы тиіс.

0 пікір
Мұрағат