Дәрігерге шабуыл жасағандар қалай жазаланады
Дәрігерге шабуыл жасағандар қалай жазаланады
4 жыл бұрын 2151 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қырғыз парламенті депутат Алмазбек Баатырбековтың бастамасымен әзірленген заң жобасын қоғамның талқылауына ұсынды. Аталмыш заң жобасында медицина қызметкерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргендерге жаза қарастырылған. Бұл жайында аталмыш ел парламентінің баспасөз қызметі мәлім етті. Қаңтар айының 17-і күні.

Парламент депутаттары дәрігерлердің кәсіби қызметіне кедергі келтіргендерге жаза енгізуді көздейді:

-       Мұндай құқық бұзған кәмелет жасына толмағандар 20 сағаттан 30 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа жегіледі немесе 5000-нан 15 мыңға дейін айыппұл арқалайды, ал қайталанған жағдайда 30 сағаттан 40 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа жегіліп, 15 мыңнан 25 мыңға дейін айыппұл төлеуге міндеттеледі;

-       Ересек азаматтар – 30 сағаттан 40 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа жегіледі немесе 20 мыңнан 30 мыңға дейін айыппұл арқалайды, ал қайталанған жағдайда – 40 сағаттан 60 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа жегіледі немесе 30 мыңнан 60 мыңға дейін айыппұл төлейді.

Алатаудың арғы жағындағы елдең мұндай қадамға баруына соңғы кездері пациентке жедел медициналық жәрдем көрсетпек болған медицина қызметкерлеріне жұдырық жұмсау немесе тіл тигізу оқиғаларының көбейіп кеткені түрткі болды. Айыр қалпақты ағайындардың денсаулық сақтау министрлігі келтірген дерекке қарағанда, 2015-2019 жылдар аралығында медицина қызметкерлеріне 40-тан аса заңға қайшы әрекеттер орын алған. Қызмет барысында.

0 пікір
Мұрағат