Еуропада экстремизмнің етек алуына қандай факторлар себеп болып отыр - түріктердің көзімен
Еуропада экстремизмнің етек алуына қандай факторлар себеп болып отыр - түріктердің көзімен
6 жыл бұрын 2710 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркия билігі батыс Еуропада экстремизмнің кеңінен етек алып, қанат жайып келе жатқанына алаңдаушылық білдіріп отыр. Нақтырақ айтқанда, Түркия сыртқы істер министрі Мәуліт Шәуішоғлының ойынша, еуропалық елдерде радикализмнің белең алуына ең алдымен саясаткерлердің сеператистік  мәлімдемелері түрткі болып отыр. Кәрі құрлықтағы соңғы жылдары үдеп кеткен исламофобиялық әлеуметтік жат үрдіске билік басындағылар жол беріп отыр. Түркияның сыртқы саясатына жауапты министрі бұл пікірін Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінде "Жастар, бейбітшілік және қауіпсіздік" тақырыбы бойынша өткен жиында білдірді. Министр осылай дей келе әлемнің әр түкпіріндегі қылмыстық құрылымдар, соның ішінде нәсілдік сипаты бар сепаратистік, террористік, т.б. ең алдымен қатарына албырт жастарды тартып, өз ықпалын арттыруға күш салады. Бұл дәлелді қажет етпейтін бүгінгі күннің өмір шындығына айналып отыр. 

0 пікір
Мұрағат