Сауд Арабиясына тыйым салынған қару сатқан Ұлыбританияның басы дауға қалды
Сауд Арабиясына тыйым салынған қару сатқан Ұлыбританияның басы дауға қалды
7 жыл бұрын 3341

Осыған байланысты тұтанған халықаралық дау-дамайдың арты немен аяқталарын сарапшылар да болжай алмай отыр. Тарқатып айтсақ, Ұлыбритания Сауд Арабиясына кассеталық бомбаларды сатқан. Ал Сауд Арабиясы оны өз кезегінде Йемендегі әскери ұрыста пайдаланған. Лейбористер партиясының жетекшісі Джереми Корбин британ билігінен мұндай қаруды аталған елге сатудағы мақсатын және оны неге жасырғанын түсіндіруді талап етіп отыр. Өйткені, мұндай қаруды сатуға бүкіл әлемде қатаң тыйым салынған. Ұлыбританияның қорғаныс министрі Майкл Фаллон да Сауд Арабиясына 80-ші жылдары жасалған кассеталық қаруды сатқанын мойындады. Десе де Сауд Арабиясына неліктен мұндай қаруды сатқанын ашып айтпады. 

0 пікір
Мұрағат