Есірткіден баудай түсіп жатыр
Есірткіден баудай түсіп жатыр
6 жыл бұрын 2868 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өткен жылы, яғни, 2016 жылы 63600 америкалық азамат есірткіні шектен тыс қабылдағаннан көз жұмған. Бұл көрсеткіш оның алдындағы жылмен салыстырғанда 21 пайызға көп. Бұл жайында Sky News ақпарат көзі хабар таратты. Тарқатып айтқанда, есірткімен байланысты 40 мыңнан аса өлім-жітім опиоидтан болған. Дәлірегі, синтетикалық опиоидтан бақилық болғандар қарасы артқан: 2015 жылы 9580 адам, ал 2016 жылы 19413 адам. Есірткіден өлетін жастар қарасының көбеюіне юайланысты бұл елдегі өмір сүру ұзақтығы екінші жыл қатарынан кеміп отыр. 2014 жылы 78,8 жасты құраса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 78,6-ға түсіп кеткен. «Әдетте өмір сүру ұзақтығының бірнеше жыл қатарынан кемуі, мәселен, Африка құрлығында СПИД-пен, Ауғанстанда соғыспен байланысты болса, бұл елде есірткі басты себеп болып отыр»,- деді профессор Маджи Эззати. Айта кетейік, осы жылдың тамыз айында АҚШ президенті Дональд Трамп елдегі есірткі індетінің етек алуын өзінің шырқау шегіне жеткенін мәлімдеген болатын. Мәлімдеп қана қоймай, денсаулық сақтау саласында төһтенше жағдай жариялаудың уақыты келгенін де мәлім еткен еді.

0 пікір
Мұрағат