Қазақстанда қорылдан арылтатын ота жасалады
Қазақстанда қорылдан арылтатын ота жасалады
6 жыл бұрын 3289

Дәрігерлер ұйқы кезінде адамның тынысы тоқтап қалмаудың алдын алды. Бұл туралы stan.kz порталы КТК арнасына сілтеме жасай отырып, хабар таратты. 

Алматылық дәрігерлер бүгінге дейін 17 адамға көмектесіпті.

Операцияны кіші тілшікке немесе жұмсақ теріге жасаймыз. Ұйқыға кедергі келтіретін дүниелерді жою үшін арнайы имлант қоямыз. Кіші тілшік ұйқы кезінде тамаққа тиіп тынысты бұзбас үшін”, – дейді президент іс басқармасы ауруханасының бөлім меңгерушісі Алмас Амангалиев.

Мұндай ота тек Алматыда Президент іс басқармасының орталық клиникасында ғана жасалады.  Ондағы мамандар екі жыл Ресей және Беларусь дәрігерлерімен тәжірибе алмасып, сол елдерде оқып келген.

Мақсатымыз қорылды жою ғана емес. Ұйқы кезінде адамның тынысы тоқтап қалмаудың алдын алу. Жалпы операция 10-15 ақ минут жасалады.  Бірақ, дәрігерлер отаны кез-келген жанға істей бермейді. Ол үшін ұйқысы бұзылған адамның артық салмағы болмауы керек және ішімдік ішпеуі керек екен.

Шынымды айтсам бұны операция деуге де келмейді. ТІс дәрігерінде отырғандай әсер болады. Еш ауырмайды. Және отадан кейін 3-4 күнде бәрі қалпына келеді. Яғни тамақ ішіп жүре бересің. Ал ұйқы кезінде кәдімгідей жеңілдікті сезіп жүрмін.  Қорылым да қойды”, – дейді емделуші Павел Ли

0 пікір
Мұрағат