Есірткі нарығының жылдық айналымы артып барады
Есірткі нарығының жылдық айналымы артып барады
5 жыл бұрын 2366 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлемде адам, қару және есірткі ең табысы мол саудаға жатқызылып жүр. Әлемнің көптеген елінде заңмен тыйым салынған есірткі нарығындағы пайда жылына  426−652 млрд долларға жеткен. Яғни, әлемдік мұнай нарығындағы табыстың үштен біріне жете-қабыл. Сонымен қатар, есірткі мен оның лаңынан көз жұмғандар қарасы артып келеді. Мәселен, 2011-2015 жылдар аралығында есірткі мен оның кесірінен өлгендер саны 145%-дан асып кеткен: 2011 жылы 183 мың 500 адамнан 2015 жылы 450 мың адамға дейін. Соған қарамастан есірткімен күрес нәтижесін бермей отыр, осынау кеселмен күресуге жылына әлемде 100 млрд-тан аса қаржы бөлінгеніне қарамастан. Бұл жайында Project Syndicate мерзімді басылымында жарық көрген Хуан Мануэль Сантос, Эрнесто Седильо және Рут Дрейфус мақаласында айтылған. Есірткімен күресте опат болғандар саны да төбе шашыңды тік тұрғызады: есірткі саудасы қарқын алған Мексиканың ұлттық статистика және география институты келтірген дерекке қарағанда, 2006-2011 жвлдар аралығында аталған елде 250 мыңнан аса адам есірткімен күресте қаза тапқан. Филиппин президенті Родриго Дутерте 2016 жылы 20 мыңға дейін жеткен сотсыз жазалаған есірткі саудасына шатылғандар саны. 

0 пікір
Мұрағат