Енді Қытайға баратын шетелдіктер саусақ іздерін тапсыруға міндеттеледі
Енді Қытайға баратын шетелдіктер саусақ іздерін тапсыруға міндеттеледі
7 жыл бұрын 2327 7kun.kz Маржан Нүсіпбек

Бұл туралы Ecns.cn порталы хабарлаған. Дереккөз мәліметіне сүйенсек, мұндай шешімді елдің Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі қабылдаған және оны мемлекеттік кеңес мақұлдаған, деп жазды lenta.ru.

Дактилоскопиядан Қытайға барлық елден келетін 14 және 70 жас аралығындағы азаматтар, дипломатиялық паспортпен келгендер, ресми делегация мүшелері, мемлекеттік қызметкерлер өтуі тиіс. Ал мұндай ережені шегеру Қытай мен қандайда бір елдің арасында болған ерекше келісім аясында ғана жүзеге асуы мүмкін.

Саусақ іздерін тапсыру 10 ақпаннан Шэньчжэнь (Гуандун провинциясы) қаласындағы әуежайдан басталады. Содан кейін бұл ереже Қытай шекарасындағы басқа да пунктерге біртіндеп енгізіле бастайды.

0 пікір
Мұрағат