Ең ұзақ ауыз бекітетін ел. Ол қай ел?
Ең ұзақ ауыз бекітетін ел. Ол қай ел?
10 жыл бұрын 7913 muftyat.kz/

Биыл ауыз бекіту уақытының ұзақтығы географиялық ерекшелікке байланысты әр жерде әр түрлі. Мәселен, Дания мұсылмандары европа елдерінің ішінде ең ұзақ уақыт ауыз бекітеді (21 сағат). Аргентина мұсылмандары ең аз уақыт ораза ұстайды екен (9 сағат). Ал, еліміз бойынша ораташа есеппен 17, 18 сағат ораза ұстайды.

Европа 

Ресей - 18 сағат 
Белгия -18 сағат 30 минут 
Голландия - 18 сағат 30 минут 
Франция - 16 сағат
Дания - 21 сағат
Ұлыбритания - 16 сағат 30 минут 
Испания - 17 сағат 30 минут 
Исландия - 20 сағат 
Норвегия - 20 сағат 
Швеция - 20 сағат 
Германия - 16 сағат 30 минут 
Италия – 16 сағат 

Солтүстік Америка 
АҚШ – 15 сағат 
Мексика - 13 сағат 20 минут 

Оңтүстік Америка 
Аргентина - 9 сағат 30 минут 
Бразилия - 11 сағат 

Таяу шығыс 
Сауд Аравиясы - 15 сағат 
Йемен - 14 сағат 50 минут 
Араб елдері  - 14 часов 51 минут 
Бахрейн - 15 сағат
Катар - 14 сағат 40 минут 
Иордания - 14 сағат 
Кувейт - 14 сағат 
Сирия - 14 сағат
Палестина -15 сағат 
Ирак - 14 сағат
Иран - 15 сағат 50 минут 

Африка елдері

Ливия - 14 сағат 
Алжир - 14 сағат 
Марокко - 14 сағат 
Тунис - 15 сағат

Оңтүстік Африка - 10 сағат 30 минут

Судан - 14 сағат
Египет - 16 сағат 30 минут 
Ливия - 15 сағат 

Австралия - 10 сағат

Оразаға тең келер құлшылық жоқ. Мейірімі шексіз Алла тағала: «Аузы берік адам ішіп-жеуін мен үшін доғарды. Ораза – Мені мен құлымның арасындағы ғибадат. Оған берілетін сыйды Мен ғана өлшеп, Мен ғана беремін. Аузы берік құлымның аштық пен шөлдегенде шығатын аузының исі мен үшін мисктен де артық», - дейді.

Алланың Елшісі (с.ғ.с.) сәресіде берекеттің бар екенін, сәресіге тұрғандар үшін періштелердің дұға ететінін айтқан. «Сәресіде берекет бар. Бір жұтым су ішсең де, оны үзбе. Өйткені Алла Тағала мен періштелер сәресіге тұрғандарға жақсылық тілейді» – деп айтқан.

Ауызашар уақытына жеткен адам одан да көп шаттық пен қуанышқа кенеледі. Ал, ұстаған оразасының сыйын алу үшін қиямет күні Алланың алдына барған кезде одан да үлкен қуанышқа кенеледі.

Бұл жайында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді: «Ораза ұстаған адамға екі қуаныш бар: бірі – ауыз ашқан уақытта, екіншісі – Аллаһқа қауышқан уақытта».

0 пікір
Мұрағат