Елімізде Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 5 мыңдай ардагер қалды
Елімізде Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 5 мыңдай ардагер қалды
2 жыл бұрын 930

Елімізде Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлердің қатары жылдан жылға сиреп барады. Бүгіндері олардың саны 5 мыңға да жетпейді. Бұл жайында генерал-майор Өмірзақ Болсамбеков мәлім етті. Биыл жеңістің 70 жылдығы. «Жеңістің 70 жылдығына арналған шараларды өткізу жөніндегі үкіметтің қаулысы, президенттің жарлығы бар. Ардагерлерді медициналық тексеруден өткізуден бастап, оларды материалдық тұрғыдан қамтамасыз етуге дейін шаралар жүзеге асырылады»,- деді ол. Ардагерлерге ел қазынасынан, яғни, республикалық бюджеттен 100 мың теңгеге дейін бір жолғы төлем қарастырылған. Сондай-ақ, оларға көрсетілетін қосымша әлеуметтік көмек аймақтардың жағдайына қарай жүзеге асады. Статистикалық мәліметке қарағанда шамамен 400 мың қазақстандық осы қанқұйлы соғыста қаза тапқан. 

0 пікір