Ислами медициналық сақтандыру енгізілді
Ислами медициналық сақтандыру енгізілді
2 жыл бұрын 882

Африка құрлығының шығысында орын тепкен Малавиде ислами медициналық сақтандыру енгізілді. Осыған байланысты ел аумағындағы барлық тұрғын қандай наным-сенімде болғанына қарамастан ислами сақтандырудың игілігін көре алады. Кооперативтік медициналық сақтандыру қоғамының атқарушы директоры Әділ Чилунго түсіндіргендей, бұл шара өз кезегінде осы елдегі емдеу ақысы тым қымбат жекеменшік емханаларға қаралуға мүмкіндігі жоқ тұрмысы жүдеу тұрғындарға көмектесу мақсатында қолға алынып отыр. Оның үстіне, тегін емделуге болатын мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінде дәрі-дәрмек тапшы. Малави мұсылмандар қауымдастығының төрағасы Әлқаж Мұхаммед Ыдырыс ислами медициналық сақтандырудың адамның сырқатын пайдаланып, пайда көретіндерге тосқауыл болатынын алға тартып отыр.

0 пікір