Экологиялық полиция құрылды
Экологиялық полиция құрылды
7 жыл бұрын 2883 inform.kz Liga.net

Бейжің билігі көк түтінмен күресуге бағытталған жаңа экологиялық полицияны құрды. Бұл туралы The Telegraph агенттігі хабарлады. Жаңа құрылымның міндетіне қоқысты, ағашты, сондай-ақ, биоматериалдарды заңсыз жағу оқиғаларын бақылау кіреді. Онымен қоса, экологиялық полицейлер ашық аспан астында барбекю дайындамақ болғандардың әрекетін кесетін болады. Іenta.ru-дың жазуынша, Қытайда соңғы жылдары экологиялық ахуал күрт күрделене түсті. Ауаға өнеркәсіптік шығарындылар қоспаларының тым көп лақтырылуынан қала жиі қою түтін құрсауында қалады. Қаңтар айының басында Бейжіңде ауаның ластануының екінші - «сарғылт» деңгейі енгізілді. Осыған байланысты, қаланың жоғары жылдамдықты алты күре жолында көлік қозғалысы тоқтатылды. Сондай-ақ, бірқатар құрылыс нысандары мен кәсіпорындарда жұмыстар уақытша тоқтатылды.

0 пікір
Мұрағат