Дубайда жүргізушісі жоқ такси қызмет көрсетеді
Дубайда жүргізушісі жоқ такси қызмет көрсетеді
10 жыл бұрын 4171

«Болашақтың көлігі» деген атқа ие болған, өздігінен жүретін, яғни, жүргізушісі жоқ автоматты такси алдағы екі жылдың ішінде Дубайда да пайда болатын болды.

Жоғары технологиялық өнім саналатын көліктің бұл түрі жолаушыны арнайы бөлінген жолдармен баратын жеріне жеткізіп салады.

Бүгінгі таңда әлемде көліктің бұл түрі Лондон қаласының Хитроу әуежайында қызмет көрсетеді. Бұл жүйе 2010 жылдан бері жолаушылардың игілігі үшін жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар, Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы – Әбу-Дабиде тесталық режимде жұмыс істеуде.

0 пікір
Мұрағат