Дубай мүфтиі Марсқа қатысты пәтуаны еске салды
Дубай мүфтиі Марсқа қатысты пәтуаны еске салды
10 жыл бұрын 4306

Голландия фирмасы 2023 жылы қызыл ғаламшарға адамдарды қоныстандыру жобасын бастаған болатын. Қатысқысы келетіндердің арасында Парсы шығанағы елдерінен 1 259 адамнан өтініш келіп түскен.  Осыған байланысты Дубай мүфтиі жуырда Біріккен Араб Әмірліктерінің ислам істері жөніндегі бас басқарма шығарған пәтуаны өтініш білдірген мұсылмандардың есіне тағы бір мәрте салып өтті. Онда: «Марсқа саяхат –  адам өміріне айтарлықтай зиян тигізетіндіктен ислам бұған тыйым салады», - деп айтылған. Адам өміріне қауіпті, әрі исламға жат саналған саяхатқа қатысты комитет өкілдері былай деген болатын: «Шындығы Марсқа аттанған азаматтар ол жақта өмір сүре алмайды немесе өлуге мәжбүр болады». Өз-өзіне қол жұмсаудың күнә екенін ескерткен басқарма Марсқа аттанған адамның осы қағиданы бұзатынын мұсылмандардың қаперіне салған болатын. Марсқа барған адамның қайтып оралмайтынын да ескерсе керек.

Mars One бағдарламасына қатысуға әлемнің түкпір-түкпірінен 202586 адам ниет етіп отыр.

0 пікір
Мұрағат