Депрессияның әлем экономикасына төндірген қатері - 3
Депрессияның әлем экономикасына төндірген қатері - 3
5 жыл бұрын 2712 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

(Басы мына сілтемелерде: http://islam.kz/kk/news/arturli/depressiyanyn-alem-ekonomikasyna-tondirgen-qateri-1-11529/#gsc.tab=0), http://islam.kz/kk/news/alem/depressiyanyn-alem-ekonomikasyna-tondirgen-qateri-2-11542/#gsc.tab=0)

Басында айтып кеткеніміздей, бір ғана АҚШ-тың өзінде депрессиядан экономикасы жылына 210 миллиард доллардан аса шығын көреді. Бұл қаражаттың жартысына жуығы пациенттерді емдеуге кететін тікелей шығындар медициналық жәрдем ақысы. Күйзеліске бой алдыра қоймағандарды емдеу үшін жылына 4 782 доллар жұмсалса, депрессиядан еңсе көтере алмай жүргендердің ем-домына екі еседей қаржы кетеді - 9 790 доллар. Бұл арада терапевті резистентті депрессия турасында болып отыр, яғни, ем қона бермейтіндерге көрсетілетін медициналық жәрдем үшін жыл сайын 17 260 долларға артып отырады екен. Осы шығынның жартысынан көбісі, яғни, 55 пайызын жұмыс берішінің иығына артылады – аталған дерттен жұмысқа шықпай қалудан (абсентеизм) және науқастың еңбекке жарамдылығының төмендеуінен (презентизм). Бір ғана абсентеизмнен АҚШ-тың көретін шығыны (жылына) 24 млрд долларды құрап отыр. Орташа есеппен алғанда америкалықтар аталған дерт бойынша жылына 11 күн жұмысқа шықпай қалады. Ал сырқат жұмысқа шыққанымен еңбекке құлшынысының болмауынан (адамның еңбекке жарамдылығы 43 пайызға дейін төмендейді), яғни, абсентеизмге қарағанда презентизмнен алты есе артық шығынға батады. Мамандардың есебінше, презентизмнен жылына америкалықтар 35 күннің жұмысын істемеген болып шығады. Абсентеизмді және презентизмді өз алдына бөлек жіктеп, дербес қарастырған британиялық экономистер Сара Иванс-Лако мен Мартин Наппа әлемнің әр елінде, соның ішінде АҚШ-та, Браизилияда, Жапонияда, Оңтүстік Кореяда, Оңтүстік Африка Республикасында, Канадада және Қытайда  аталған құбылыстардың еңбек өнімділігіне қалай әсер ететінін бағамдап көрген екен. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, аталған дерттен бұл елдер жылына жалпы ішкі өнімнің 01-ден 4,9 пайызға дейінгісін жоғалтады екен. Бұл арада абсентизмге қарағанда презентизмнен 5-10 есе артық шығынға бататынын анықтаған. АҚШ презентизмнен жылына көретін шығыны - 84,7 миллиард долларға жетіп жығылса, аталған қалған елдерді қоса алғанда шығынның жалпы жиынтығы 250 млрд доллардан асып түскен. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы депрессияны баяу тұтанатын бомбаға теңеп отыр. Осыған орай мемлекеттерді аталған дерттің себептері мен салдарына назар аударып, онымен күресуге шақырып отыр. Соның ішінде, аталған дерттің алдын алуға қаржыны молынан бөлудің маңыздылығын ескеруді талап етуде. Күйзеліс өзімен ғана шектеліп қалмайды, ол жүрек-қан тамырлары ауруларын тудыруы мүмкін. Яғни, ауру үстіне ауру жамап аласыз. Депрессияның физиологиялық әрі биохимиялық компоненттері әлі толық зерделеніп, зерттеліп болған жоқ.

(жалғасы бар)

0 пікір
Мұрағат