Cеміздікпен күрестегі сенімсіздік
Cеміздікпен күрестегі сенімсіздік
5 жыл бұрын 2828 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өткен аптада Мысыр президенті Әбдіфаттаһ ас-Сиси телеэфирден халқына үндеу жолдады. Пирамидалар елінің басшысы семіздік індетінің елде кеңінен етек алып бара жатқанына алаңдаушылық білдіріп, тұрғындарды саламатты өмір салтын ұстануға шақырды. Тек президенті емес, аталмыш елдің премьер-министрі Мұстафа Мәбули де бұл тақырыпта сөз қозғап, ел тұрғындарын артық салмақтан арылуға үндеді. Мысыр билігі халықтың денсаулығына алаңдаушылық білдіргенімен оның түп-төркіні қайда жатқанын білмейтін болып шықты. Мысырдың денсаулық сақтау министрлігі семіздік індетінің ұлттық сипат алғанын айтып, дабыл қағуда. Десе де ел билігінің саламатты өмір салтына шақырған үндеуі тұрғындар тарапынан күлкіге ұшырауда. Халықтың семіруне ас та төк молшылық емес, ең алдымен сіңірі шыққан кедейлік себеп болып отырғанын көлденең тартуда. Арзан болғанымен құнары тым жоғары тағамдар артық салмақ жинауға себеп болуда.

0 пікір
Мұрағат