Британияның лазерлі қаруының сынағы таспаға тартылды (видео)
Британияның лазерлі қаруының сынағы таспаға тартылды (видео)
2 ай бұрын 354 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: @dstlmod

Ұлыбританияның қорғаныс министрлігі DragonFire лазерлік қару сынағының бейнежазбасын жұртшылық назарына ұсынды. Бейнежазбада лазердің далалық және стендтік сынақтары көрсетілген. Бұл жайында islam.kz порталы New Atlas ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Соның ішінде аталмыш жүйенің жау нысанын қалай табатыны көрсетілген. 2017 жылдан бері әзірленіп жатқан жүйе легирленген шыны талшықтарының бумаларынан жасалған қатты күйдегі лазер екені айтылған. Талшықтардың шығыс сигналы арнайы сәулелік біріктіру жүйесі арқылы бір сәулеге айналады. Негізгі лазер нысанды анықтау және сәулені түзету үшін қосымша лазермен және электрлі-оптикалық сенсормен бірге мұнараға орнатылады.

 

0 пікір
Мұрағат