Британия мұсылмандары неге наразылық танытты?
Британия мұсылмандары неге наразылық танытты?
10 жыл бұрын 3076

Британия исламофобтары мұсылмандардың қолтығына ши жүгіртіп, қытығына тигісі келгендей «Пайғамбар Мұхаммедтің суретін салу күнін» атап өтті. Исламға қаны қас Уотфорд тұрғындарының кейбіреуі қаланың барлық жеріне Ақиық елшінің (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) «суреті» салынған плакаттарды жағалай іліп тастады. Бұған қоса, плакаттың астыңғы жағында мұсылмандардың ар-намысына тиетін сөздер жазылған. Осы келеңсіз оқиға бойынша полиция қызметкерлері тексеру-тергеу амалдарын бастап кетті. Плакаттар алынып тасталды. Мұсылмандар арандатушылардың шектен шыққан әрекетін айыптады. 

0 пікір
Мұрағат